«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ кэптивті қоры перинаталдық орталықтың құрылысын қаржыландырды

18.03.2022
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ кэптивті қоры («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) Baiterek Venture Fund Алматы қ. Бостандық ауданында перзентхана салуға «Керуен-Medicus» ЖШС 2 000 млн теңге мөлшерінде қаржыландыру ұсынды. «Керуен-Medicus» - 2000 жылы құрылған Қазақстан Республикасындағы ең ірі жеке медициналық ұйымдардың бірі. Өз қызметін шағын емханадан бастаған «Керуен-Medicus» - бүгінде жетекші медициналық компания, онда 300 медицина қызметкері жұмыс істейді. Диагностикалық бағыт жұмысындаы кәсіби тәсіл Siemens, Karl Storz, GE және басқа да жетекші әлемдік өндірушілердің заманауи зертханалық және сәулелік жабдықтарының толық жиынтығын толықтырады. Жалпы ауданы 4 000 м² болатын жаңа перинаталдық орталыққа емханалық және диагностикалық буын, босандыру және босанғаннан кейінгі бөлімше, операциялық залдар және балалар мен ересектер реанимациясы бөлімшелері кіретін болады. Емдеу-диагностикалық орталығын пайдалануға беру қорытындысы бойынша 150 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Дәлдігі жоғары диагностикалық жабдықтармен жабдықталған перзентхана КЕРУЕН-MEDICUS көпбейінді медициналық орталығының негізгі корпусының ажырамас бөлігі болып табылады. Клиниканы кеңейту хирургия, нейрохирургия, ортопедия, травматология және балалар хирургиясы сияқты бағыттарды қосымша дамытуға мүмкіндік береді. Анықтамалық: «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ – 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры, оның негізгі миссиясы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында Қазақстанда private equity инфрақұрылымын дамыту болып табылады. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты сайттан табуға болады: kcm-kazyna.kz. «Baiterek Venture Fund» АҚ - 2014 жылы құрылған тікелей инвестициялар қоры экономиканың басым салаларында жұмыс істейтін отандық компанияларға қаржылық қолдау көрсетеді. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты сайттан табуға болады: bvfund.kz

Присоединяйтесь к нашей команде