Қазына Капитал Менеджменті «Жауапты инвестициялау қағидаттары» БҰҰ қауымдастығына кірді

31.10.2022
2022 жылдың қазан айында Қазына Капитал Менеджмент «Жауапты инвестициялау қағидаттары» БҰҰ-ның қауымдастығына (UN Principles of Responsible investments) кіріп, өзінің инвестициялық қызметіне ESG стандарттарын енгізу тұжырымдамасын ұстанатын институционалдық инвесторлардың жетекші халықаралық желісіне қосылған ТМД-дағы алғашқы квазимемлекеттік қаржы институты болды. Биылғы жылы UN PRI міндеттемесіне қол қойған әлемнің түкпір-түкпірінен келген инвесторлардың саны 121 трлн АҚШ долларынан астам активтері бар бес мың қол қоюшыға жетті. UN PRI қауымдастығының мүшелері салаға «жауапты инвестициялау» тәжірибесін енгізуге және дамытуға бағытталған халықаралық тікелей инвестициялар қорлары болып табылады. UN PRI Қауымдастығының мүшелері «жауапты инвестициялаудың» 6 қағидатын ұстануға міндеттенеді: ESG стандарттарын инвестициялық талдау және шешім қабылдау процестеріне қосу; Саясаттағы және практикалық қызметтегі ESG факторларын есепке алу; Инвестиция алушыларға экологиялық, әлеуметтік мәселелер және басқару мәселелері туралы ақпаратты тиісті түрде ашуға қойылатын талаптар; Инвестициялық сала шеңберінде ESG қағидаттарын қабылдауға және енгізуге жәрдемдесу; Жауапты инвестициялау қағидаттарын іске асырудың тиімділігін арттыру; Қағидаттарды іске асырудың қызметі мен қол жеткізілген барысы туралы хабардар ету. Жауапты инвестициялау принциптерін ұстану саласындағы әлемдік тенденция және олардың жобалардың тұрақтылығы мен кірістілігіне әсері Harvard Business School зерттеуінің нәтижелерінде көрінеді, оған сәйкес әрбір АҚШ доллары тұрақты даму деңгейі жоғары компанияларға инвестицияланған төмен компанияға қарағанда 51%-дан көп табыс әкелді. Бұл ретте LP (limited partner) 97% жауапты инвестициялау алдағы екі жыл ішінде PE (private equity) нарығы үшін маңыздырақ болады деп есептейді. Қазына Капитал менеджменті Қазақстандағы private equity инфрақұрылымын дамытудың драйвері бола отырып, өзінің стратегиялық міндеттерінің бірі ретінде «Халықаралық танылған экологиялық, әлеуметтік және басқару стандарттарына (ESG) негізделген тұрақты бизнесті дамытуға жәрдемдесуді» белгіледі. Осы міндетті іске асыру үшін ҚКМ қатысатын қорлар жобалық ұсыныстардың ESG критерийлеріне сәйкестігіне бағалау жүргізеді. Компанияның жоспарында жобаның бүкіл өмірлік циклі кезінде байланысты тәуекелдерді бақылауға мүмкіндік беретін қосымша құралдарды әзірлеу бар. «Бүгінгі таңда ҚКМ портфелінде экономиканың шикізаттық емес салаларына қатысты 100-ге жуық инвестициялық жоба бар. Біз ESG факторларының қарқынды интеграциясы мен мониторингі ұзақ мерзімді перспективада нарық конъюнктурасының сыртқы өзгерістеріне аз ұшырайтын неғұрлым «сапалы» инвестициялық портфельді қалыптастыруға ықпал етеді деп үміттенеміз» – деп атап өтті «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның Басқарма төрағасы Айнур Куатова. «Біз Қазына Капитал менеджментін UN PRI қатысушысы ретінде қарсы алғанымызға қуаныштымыз. ҚКМ-тің қосылуы компанияның өз қызметіне жауапты инвестициялау принциптерін интеграциялауға және ESG-нің инвестициялар үшін факторлардың маңыздылығын мойындауға қатысты нақты міндеттемесін көрсетеді. Біз Қазына Капитал Менеджментаен олардың жауапты инвестициялық қызметін ілгерілетуде бірлесіп жұмыс істеуді асыға күтеміз», - деп атап өтті UN PRI қауымдастығының бас директоры Дэвид Эткин. ҚКМ-тің қауымдастыққа кіруі компанияның институционалдық инвесторлар үшін көрінімін арттырады және халықаралық салалық стандарттар негізінде жауапты инвестициялау саласындағы прогресті бағалауға мүмкіндік береді.

Присоединяйтесь к нашей команде