«Қазына Капитал Менеджмент» Бурундай минералды сулары бойынша екінші транш төлемін жасады

04.12.2020
100 млн теңге көлеміндегі қаражат Алматы облысының Боралдай кентіндегі емдеу-сауықтыру курортын кеңейтуге бағытталатын болады, бұл жоба - «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ жеңілдікті қаржыландыру бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктерді тарта отырып, қаржыландырылған алғашқы жоба. 100 млн теңге көлеміндегі бірінші транш 2019 жылғы 7 тамызда төленді және курортты кеңейтуге және дамытуға бағытталған. Екінші транш бойынша алынған қаражатқа іргелес жатқан жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу және күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр, курорттың сапалы қызмет көрсету мүмкіндіктерін арттырады. Екі траншты мақұлдау Сбербанк Қазақстан арқылы жүзеге асырылды. «Бурундайские минеральные воды» ЖШС директоры Серікбай Жармұхамбетовтың айтуынша, індет кәсіпорынның қызметіне қатты әсер етті. «Көктемнен бастап бүгінгі күнге дейін спорттық-ойын-сауық бағыты жабық. Карантинге дейінгі кезеңде біздің қызметтер қазақстандықтар мен алыс және жақын шетелден келген қонақтар арасында сауықтыру демалысының бірегей тұжырымдамасының және жыл бойы термалды ванналарда емделу мүмкіндігінің арқасында танымал болды. Осыны ескере отырып, шектеулер алынып тасталғаннан кейін осы бағыттардағы жұмыс тезірек қалпына келеді деп үміттенеміз». Бірақ бірінші транштың оң нәтижелері де бар. Сатып алынған объектінің техникалық базасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бағдарламасы арқылыбарлық сақтандырылушыларға травматология және ортопедия, кардиология, неврология және нейрохирургия, реабилитология бағытында денсаулығын қалпына келтіруді ұсынатын оңалту-санаториялық кешен жұмыс істейді. Оңалту-санаторий кешенінің бұл қызметтерін 2020 жылдың басынан бастап Алматы мен басқа өңірлерден келген 500-ден астам тұрғынпайдаланды. 2021 жылдың мамырына дейін екінші транштың инвестициялық фазасын аяқтау жоспарланып отыр. Анықтама: «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ – 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорының қоры, оның негізгі миссиясы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында Қазақстанда private equity инфрақұрылымын дамыту болып табылады. «Бәйтерек» ҰБХ « АҚ еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты мына сайттан табуға болады: kcm-kazyna.kz. ҚКМ-да жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасы бизнестің инвестицияларға қолжетімділігін жеңілдету және тікелей қаржыландыру құралын пайдалануды қамтуды кеңейту мақсатында 2019 жылдың мамыр айында басталды. Оны құрудың алғышарттары отандық кәсіпкерлерге үнемі ұшырасатын проблемалар болды: қаржыландырудың қымбаттығы, жоғары кредиттік жүктеме, кепілзаттық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі, ұзақ мерзімді кредиттеудің болмауы, сондай-ақ борышқа қызмет көрсетудің ауыртпалықты шарттары. ҚКМ бағдарламасы келесі қаржыландыру шарттарын ұсынады: сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8%, инвестициялар сомасы - 10 жылға дейінгі мерзіммен, 5 млрд теңгеге дейін. ҚКМ-ның қаржыландырылатын компанияларға қатысуда капиталы 49%-ға шектелген, бұл компанияны басқаруда кәсіпкерді бақылаудың сақталуын қамтамасыз етеді. Бағдарламаны іске асыру екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: корпоративтік бизнес пен ШОБ-ты қолдау. Бағдарлама операторлары ҚКМ еншілес ұйымдары - «Baiterek Venture Fund» АҚ және «BV Management» ЖШС болып табылады. Сондай-ақ бағдарлама бойынша әріптес банктер де тартылған, олар: Сбербанк, Банк Центркредит, Банк ВТБ.

Присоединяйтесь к нашей команде