• QIC
  • / Жаңалықтар мен инсайттар
  • / "Қазына Капитал Менеджмент" Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын қаржыландыру аясында 12 млрд теңгеден астам қаржы тартты

"Қазына Капитал Менеджмент" Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын қаржыландыру аясында 12 млрд теңгеден астам қаржы тартты

28.10.2021
2021 жылдың 27 қазаныңда «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасын қаржыландыру шеңберінде 12,8 млрд теңге мөлшерінде облигациялық қарыз тартты. Облигациялардың осындай шығарылымы алғашқы рет болып жатыр. Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру аясында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымдары 100 млрд теңге көлемінде облигациялық қарызды тартты. Тартылған қаражат бағдарламаның жаңа бағыттары бойынша Холдингтің еншілес ұйымдарын қаржыландыруға бағытталған: - Инфрақұрылымды дамытуға, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ арқылы жергілікті атқарушы органдарды қаржыландыруға 50 млрд теңге; - Холдингтің еншілес ұйымдары арқылы агроөнеркәсіптік кешеннің инвестициялық жобаларын қаржыландыруға 50 млрд теңге: - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ – 32,2 млрд теңге; - «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ – 12,8 млрд теңге; - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ – 5 млрд теңге. 2020 жылы Холдинг Жұмыспен қамту жол картасы аясында өңірлерді дамыту мақсатында, «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ арқылы жергілікті атқарушы органдарды 700 млрд теңгеге қаржыландырды.

Присоединяйтесь к нашей команде