Қазына Капитал Менеджмент ITU Startup Central Eurasia форумына қатысты

05.12.2022
24-25 қарашада Баку қаласында (Әзірбайжан) Еуразиялық өңір экожүйесінің стартапына шолу жасауға арналған ITU Startup Central Eurasia форумы өтті. Форум шеңберінде Болашақ зертханасының және Startup Central Eurasia Бас директоры – Иракли Кашибадзе ITU әдіснамасы бойынша құрылған Startup Central Eurasia ranking есебін ұсынды. Есепте Орталық Азия өңірі елдерінің стартап инфрақұрылымы талданды және стратегия, капитал, нарық, инфрақұрылым, таланттар, мәдениет және құқықтық база сияқты параметрлер бойынша Орталық Азия экожүйелерінің стартап рейтингі жасалды. Талдау қорытындысы бойынша рейтингтегі бірінші орынды Қазақстанның экожүйесі, 2-орынды Өзбекстан, 3-орынды Қырғызстан және 4-орынды Тәжікстан алды. Форумның «Стартаптар үшін жергілікті және жаһандық қаржының қолжетімділігі – венчурлік инвесторлар неге көңіл бөледі және олармен тиімді ынтымақтастықты қалай құруға болады» деген негізгі сессиясын өткізгендер - Шолпан Досмаханбет, Kazyna Capital Management, Қазақстан, өз сөзінде спикер еліміздің венчурлық және стартап экожүйесіне шолу жасады, сондай-ақ инвестициялар тарту және инвестормен коммуникациялар құру құралдарымен бөлісті. - Тамерлан Байрамли, Technovate, Sabah Angels Club, Әзірбайжан – олардың ұйымы біріншіден, олардың тарихын қадағалау үшін бір платформадағы стартаптар туралы деректерді жазады; екіншіден, әзірбайжандық стартаптарға инвестиция салу үшін шетелдік инвесторларды тарту сияқты екі мәселені шешіп жатқанын айтты. - Шахбоз Рахманов, MyVentures Ventures, Қазақстан венчурлық қорларымен қалай қарым-қатынас жасау керектігі туралы, мысалы инвестор үшін деректерді көрсететін жақсы питч-колода жасау, кері байланыспен жұмыс істеу және өзін дұрыс бағалау туралы айтып берді. MyVentures стартаптарға ерте сатыда инвестиция салады және 20 миллион доллар капиталға ие. – Әлім Хамитов, MOST Ventures негізін қалаушы, ITU Startup Central Eurasia форумында сөз сөйледі. Ол қор туралы Қазақстанның стартап-экожүйесінің бір бөлігі ретінде айтып берді. MOST Ventures дамудың түрлі сатыларындағы стартаптарды қолдау және инвестициялау үшін жағдай жасайды. Рейтингке сәйкес Қазақстан Pre-seed және Seed сатыларындағы стартаптар үшін қаржыландыруға қолжетімділік өлшемшарттары бойынша көшбасшы болды. Сонымен қатар, форумда Қазақстан (TrustMe), Грузия (Phubber), Өзбекстан (Avlo.shop), Қырғызстан (Numba) және Әзірбайжан (Bookshifa) стартаптары өз жетістіктерімен бөлісті. Форумдағы екінші күннің бағдарламасы тренинг форматында өтті, онда Фаррух Али - PASHA Holding, Игорь Маханек – Geek Ventures, Кэл Дойч – DealEngine талдамалық компаниясының бас директоры, Джефф Уоллес – Innovate Marquette SmartZone Директорлар кеңесінің мүшесі өз тәжірибелерімен бөлісті Форум жұмысына Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Молдова, Украина, Беларусь, Ресей, Түрікменстан, сондай-ақ Израиль, Үндістан, Еуропа және Африка елдерінің стартап-экожүйелерінің өкілдері қатысты.

Присоединяйтесь к нашей команде