Қазына Капитал Менеджмент Қорғастағы қоймалар құрылысына $9 млн инвестиция құяды

24.05.2018
Қазына Капитал Менеджменттің еншілес құрылымы – Қазақстан инфрақұрылымдық қоры көлемі 25 мың шаршы метр заманауи қойма үй-жайларының құрылысын шамамен $9 млн. ($8,7 млн) сомасына қаржыландыру туралы шешім қабылдады. Қазына Капитал Менеджменттің еншілес құрылымы – Қазақстан инфрақұрылымдық қоры көлемі 25 мың шаршы метр заманауи қойма үй-жайларының құрылысын шамамен $9 млн. ($8,7 млн) сомасына қаржыландыру туралы шешім қабылдады. Бұл - Қазақстан Республикасында «А» сыныпты 100 мың шаршы метрге дейінгі қоймалар құрылысы бағдарламасын іске асырудың бірінші кезеңі. «А» сыныпты қоймалар - логистиканың халықаралық талаптарына сай келетін кез келген жүк түрлерін сақтауға ең жақсы жағдайды қамтамасыз ететін бейінді ғимарат. Қоймалар Қазақстан мен Қытайдың шекарасындағы Жаңа Жібек жолының негізгі транзит нүктелерінің бірі болып табылатын «Қорғас – Шығыс қақпа» арнайы экономикалық аймағында (АЭА) орналасқан. АЭА-да жеңілдік салық режимі бар: кіріс, жер және мүліктік салықтар алынбайды. Қоймалардан «Алтынкөл теміржол станциясына және «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автокөлік жолына кіре алады. «Біз үшін, инвесторлар ретінде бұл жоба үлкен рөл атқарады, еліміздің логистикалық инфрақұрылымының дамуына өз үлесімізді қоса аламыз. Біз жобаның сәтті шығатынына сенеміз, өйткені өсудің драйвері Қазақстанның «Бір белдеу – бір жол» жаһандық қытай бастамасына қатысу болып табылады» - деп, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Достияров айтты. Толық қызмет көрсету тізбегі және Оңтүстік – Солтүстік, Шығыс – Батыс ағындарына кедендік қызмет көрсету аймағы бар заманауи кешен инфрақұрылым сапасы бойынша барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін болады, ал қоймалар ірі өндірушілердің және тасымалдаушылардың жоғары сапалы қоймаға деген қажеттіліктерін қамтамасыз ететін болады.

Присоединяйтесь к нашей команде