• QIC
  • / Жаңалықтар мен инсайттар
  • / Қазына Капитал Менеджмент және Сбербанк Қазақстан Капиталға қаржыландырудың жеңілдікті бағдарламасы аясында бірінші жобаны қаржыландырды.

Қазына Капитал Менеджмент және Сбербанк Қазақстан Капиталға қаржыландырудың жеңілдікті бағдарламасы аясында бірінші жобаны қаржыландырды.

15.07.2019
Қазына Капитал Менеджмент және Сбербанк Қазақстан капиталына жеңілдікті қаржыландырудың жаңа бағдарламасы аясында 200 млн.теңге сомасына қаржыландырылған бірінші жоба Алматы облысы, Боралдай кентіндегі емдеу - сауықтыру курорты болды. 2019 жылғы 14 мамырда Қазына Капитал Менеджмент және Сбербанк Қазақстан Шағын және орта бизнес субъектілерін жеңілдікпен үлестік қаржыландырудың бірлескен бағдарламасын іске асыру аясында стратегиялық әріптестікті дамытуды қарастыратын өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қол қойылған Келісім шеңберінде Сбербанк Қазақстан кепілдігін алған бірінші жоба Алматы облысының Боралдай кентінде орналасқан және негізгі қызметі халыққа сауықтыру қызметтерінің кең тізбесін ұсыну болып табылатын «Бурундайские минеральные воды» ЖШС болды. «Бурундайские минеральные воды» ЖШС-ін қаржыландырудың мақсаты кешенді кеңейту және дамыту болып табылады.Бүгіннің өзінде сауықтыру кешені жыл бойы ыстық ваннада емдеу мүмкіндігі мен сауықтыру демалысы тұжырымдамасының арқасында алыс және жақын шетелдерден келген қонақтардың назарын аудартады. Жеңілдікті үлестік қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру туралы айта келе, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әсет Сағымбеков Бағдарлама бизнесмендерге өз бизнесін дамытуға жақсы мүмкіндік беретініне сенім білдірді: «Біз бұл бағдарламаны бизнестің инвестицияларға қол жеткізуін жеңілдету және капиталға тікелей қаржыландыру құралын пайдалануды қамтуды кеңейту үшін әзірледік. Мұндай шарттар бар бағдарламалар әлі болған жоқ. Біз бизнеске банктік несиелендіруге балама құралдарды ұсындық. Бүгін біз бұл қаншалықты сұранысқа ие және өзекті екенін көріп отырмыз». Шағын және орта бизнес субъектілерін жеңілдікпен үлестік қаржыландырудың бірлескен бағдарламасын іске асыру шеңберінде банк жұмысының бірінші нәтижесіне түсініктеме бере отырып, «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Елдар Теңізбаев- «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ - мен әріптестіктің басты мақсаты-ұзақ мерзімді перспективада өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы,-екенін атап өтті. Сбербанк мемлекеттік қолдау бағдарламаларының кең мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жеке кәсіпкерліктің ұстанымдарын нығайтуға мүдделі. Біз өз тарапымыздан бизнес - жобаларды дамыту мен жаңғыртуға бағытталған Бағдарлама шеңберінде Қор бөлген 30 миллиард теңге отандық кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуінің кепілі болатынына сенімдіміз. Бағдарлама шеңберінде қаржыландырудың тартымды шарттары көзделген: сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8% - ға дейін, инвестиция сомасы 10 жылға дейін мерзімге 5 миллиард теңгеге дейін. Бағдарлама салалардың кең тізбесін, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпті, инфрақұрылым және қызмет көрсету саласындағы жобаларды қаржыландыруды көздейді. Бағдарламаны іске асыру екі бағытта жүзеге асырылатын болады: Корпоративтік бизнесті қолдау және ШОБ дамыту. «Қазына Капитал Менеджмент пен Сбербанктің жеңілдетілген қаржыландыруының арқасында біздің кәсіпорында белгіленген жобаларды барынша тиімді жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік туды. Біз барлық мүмкіндіктерді зерттедік және осы Қаржыландыру бағдарламасының ұсыныстары бізге қолайлы болды. Осы қолдау есебінен үнемделген қаражатты біздің кешеннің қосымша жобаларын іске асыруға бағыттауға болады. Ал, Сбербанкпен ынтымақтастық менің жоспарымды тез жүзеге асыруға мүмкіндік берді», - деді өз кезегінде «Бурундайские минеральные воды» ЖШС коммерциялық директоры Асхат Көксалов.

Присоединяйтесь к нашей команде