- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / Қазына Капитал Менеджмент қорларының капитализациясы $2,4 млрд құрады
Қазына Капитал Менеджмент қорларының капитализациясы $2,4 млрд құрады
25.05.2018
ҚКМ қорларынан 59 жоба инвестиция алды. Олардың барлығы шикізаттық емес секторға бағытталған. 27% энергетика секторына, 22% өңдеуші өнеркәсіпке, 21% көлік және логистикаға, 18% басқа шикізаттық емес салаларға және 5 % медицинаға жұмсалған.
Бұл туралы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ) басқарма Төрағасы Асқар Достияров баспасөз конференциясында айтты. Оның айтуынша, 60 жоба ҚКМ қорларынан инвестиция алды. Олардың барлығы шикізаттық емес секторға бағытталған. 27% энергетика секторына, 22% өңдеуші өнеркәсіпке, 21% көлік және логистикаға, 18% басқа шикізаттық емес салаларға және 5 % медицинаға жұмсалған.
«Былтыр ҚКМ-нің таза табысы жоспарланған 706 млн теңгеден асып, 3 млрд құрады. Сонымен қатар, компания 2016 жылы теріс нәтижелерді көрсеткен. Біз ROA, ROE секілді қызметтің табыстылық көрсеткіштерінің төрт есе ұлғаюына қол жеткіздік», - деп ҚКМ басшысы Асқар Достияров айтты.
2017 жылы ҚКМ жалпы капитализациясы $600 млн құрайтын 3 жаңа қор құру туралы шешім қабылдады. Олардың бірі –Қазақстан Даму банкімен бірлесіп құрылған қор, оның капитализациясы 33,5 млрд теңге. Жаң қор Қазақстан үшін үлестік және қарызға қаржыландыруды қосқан бірегей құрал болып табылады. Қазір қарастыру сатысында 8 млрд теңге сомасына 4 жоба бар. Қордың қарастыруында барлығы 25 перспективті жоба бар.
Биыл маусымда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) отырысында ҚКМ және қытай инвесторларының бірлесіп Eurasian Nurly (Bright) Investment Fund қорын құру туралы келісімге қол қою жоспарланады. Оның капитализациясы - $400 млн. Инвестициялардың 75%-ы қазақстандық жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.
ҚКМ-нің еншілес құрылымы - Baiterek Venture Fund (BVF) қызметін өзгерту және қайта іске қосу нәтижесінде, 300 млн теңгеден аса инвестициялық кіріске қол жеткізді. Инвестициялық портфельдің көлемі 30%-ға (10,8 млрд теңгеге) өсті. 4 жобадан шығудың стратегиялары әзірленді және табысты іске асырылып жатыр, олардың нәтижелері бойынша 7,5 млрд теңге сомасында инвестициялық өсіммен бірге инвестицияларды қайтару күтіледі. BVF бекітілген Өңірлерді дамыту бағдарламасының шеңберінде 35 перспективті жобалардан пайплайн әзірледі. ҚКМ басшысының айтуынша, Қазақстанға отандық компанияларды қаржыландырудың баламалы көздері қажет. Инвестиция құю үшін қолжетімді едәуір сомаға ие private equity қорлары баламалы көздерге айнала алады.
«Заңнама базасын дамытуды, қаржыландыру және инвестициялардан шығу үшін қаржы құралдар жиынтығын кеңейтуді, экономикаға құйылатын инвестициялардың тартымдылығын ұлғайтуға бағытталған басқа бастамаларды есептегенде, Қазақстанда private equity инфрақұрылымын тиісті дамытқан жағдайда, сонымен қатар кәсіби құзыретті арттыру және private equity нарығының көп қатысушыларын қалыптастырған жағдайда, біз инвестициялардың тұрақты ағылып келуін қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірде private equity индустриясын дамыту үшін алғышарттар жасаймыз», - деп Асқар Достияров қорытындылады.
Присоединяйтесь к нашей команде