Орталық Азия және Кавказ венчурлық капитал нарығын зерттеу

15.03.2024

Қазақстандағы венчурлық нарық қарқынды өсуде. EA Group және BGlobal Ventures холдингімен бірлесіп, сондай-ақ Crunchbase, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және KPMG Caucasus and Central Asia қатысуымен жүргізілген RISE Research жаңа зерттеуі бойынша елдегі венчурлық қаржыландыру көлемі соңғы бес жылда 5 еседен астам өсті.

RISE Research EA Group және BGlobal ventures ("Qazaqstan Investment Corporation" АҚ еншілес ұйымы) серіктестерімен, сондай-ақ Crunchbase, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және KPMG Caucasus and Central Asia-мен бірлесіп Орталық Азия мен Кавказ венчурлық нарығында ауқымды зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижелерінің ресми тұсаукесері Astana Hub алаңында өтті.

Алынған мәліметтерге сәйкес, Орталық Азия мен Кавказдың венчурлық нарығы қарқынды өсуде. Өңірдегі венчурлық мәмілелердің жалпы сомасы 2023 жылы 110 миллион доллардан асты.


CCA VC report.pdf Жүктеп алу

Присоединяйтесь к нашей команде