- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / ҚКМ қорлары жасыл энергетика бойынша жобаны қолдады
ҚКМ қорлары жасыл энергетика бойынша жобаны қолдады
24.05.2018
Қазына Капитал Менеджменттің еншілес құрылымы - DBK Equity Fund C.V және Baiterek Venture Fund Ақмола облысында жел электр станциясының құрылысы бойынша жобаға бірлесіп инвестиция құю туралы шешім қабылдады. Оның қуаты – жылына 50 МВт. Жобаның операторы - «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС.
DBK Equity Fund C.V және Baiterek Venture Fund тең инвестиция құю туралы тиісті келісімге Астана қаласында қол қойды. Екі қордың инвестицияларының жалпы көлемі 3,6 млрд теңгені құрайды. Құрылыстың аяқталуы 2019 жылдың 2-тоқсанына белгіленді. Жабдықтың өнім берушісі Vestas компаниясы - әлемдегі жел генераторларының ірі өндірушілерінің бірі.
«Біздің Қорларымыз осы сатыда синергияны іске асыруға қол жеткізді. Baiterek Venture Fund қорлар арасындағы тәуекелдерді бөлуден басқа, жобаның техникалық сараптамасына жауап береді, ал DBK Equity Fund қаржы-экономикалық талдау жүргізді. Жоба экономикалық тұрғысынан бірнеше аспектілер бойынша тартымды: Ақмола облысындағы құрылыс географиялық жағынан тиімді, бұл жерде желдің жоғары әлеуеті және өңірде энергияны пайдаланудың өсімі байқалады. Сонымен бірге бұл ҚКМ-нің еліміздің жасыл экономикаға өту тұжырымдамасын іске асыруға қосқан үлесі, аталған тұжырымдамада Президент Нұрсұлтан Назарбаев баламалы энергияның үлесін 2030 жылға қарай 30%-ға дейін жеткізу мақсатын қойды», - деп «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Достияров хабарлады.
«ЦАТЭК Green Energy» компаниясы іске асыратын жел станциясы жобасының еліміздің жаңғыртылатын энергетикасын дамыту үшін стратегиялық маңызды мәні бар. Ерейментаудағы 45 Мвт станциямен қатар Астана жанындағы жаңа жел паркі жаңа энергияның экономикалық, технологиялық ауқаттылығын және перспективтілігін көрсетеді, сонымен қатар болашақта Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ басқарма Төрағасының орынбасары Арман Қашқынбеков түсініктеме берді.
Присоединяйтесь к нашей команде