Қор "Қазына Капитал Менеджмент" қатысуымен көлік саласындағы жобадан шықты

17.06.2021
"Baiterek Venture Fund" АҚ тікелей инвестициялар қоры "Аллюр Компаниялар Тобы" АҚ жобасынан табысты шығатынын жариялады. "Аллюр Компаниялар Тобы" АҚ Қазақстанның ең ірі автоөндірушісі "СарыарқаАвтоПром" ЖШС-ның акционері, Қазақстан Республикасының аумағындағы JAC, Ankai, Yutong, Chevrolet, Ravon KIA, Niva Chevrolet, UAZ, MAN брендтерінің ресми дистрибьюторы, өндірушісі және дилері болып табылады. 2015 жылы "Baiterek Venture Fund" АҚ "Аллюр Компаниялар Тобы" АҚ автомобиль бағытының қаржы-экономикалық жағдайын сауықтыру және тұрақтандыру" инвестициялық жобасын іске асыру шеңберінде компанияның 15,5% жай акцияларының меншік иесі болды. 2020 жылдың соңында "Baiterek Venture Fund" АҚ толығымен "Аллюр Компаниялар Тобы" АҚ акционерлерінің құрамынан шықты. Мәміле бойынша инвестициялық өсім 1 млрд теңгеден асты, IRR көрсеткіші - 7,6%. Қордың жобаға қатысу кезеңінде 85 мыңнан астам автокөлік шығарылып, сатылды, шамамен 1 300 жұмыс орны құрылды, мемлекеттік бюджетке 9,4 млрд теңге төленді. "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ – 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры, оның негізгі мақсаты Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында Қазақстанда private equity инфрақұрылымын дамыту болып табылады. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты сайттан табуға болады: kcm-kazyna.kz. "Baiterek Venture Fund" АҚ - 2014 жылы құрылған тікелей инвестициялар қоры экономиканың басым салаларында жұмыс істейтін отандық компанияларға қаржылық қолдау көрсетеді. "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ-ның 100% еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты сайттан табуға болады: bvfund.kz

Присоединяйтесь к нашей команде