Fitch Ratings «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-ның кредиттік рейтингін «BBB-» деңгейінде, «Тұрақты» болжамымен растады

07.09.2026
Fitch Ratings «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-ның кредиттік рейтингін «BBB-» деңгейінде, «Тұрақты» болжамымен растады

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-ның (QIC) шетел және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін (IDR) «BBB-» деңгейінде, «Тұрақты» болжамымен растады. Ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг «AA+(kaz)» деңгейінде расталды.

Рейтингтің расталуы агенттіктің Қазақстан Республикасының (рейтингі «BBB», болжамы «Тұрақты») QIC компаниясына төтенше қолдау көрсету ықтималдығын «аса жоғары» деп бағалауымен байланысты. Бұл QIC-тің мемлекетпен тығыз интеграциясымен және корпорацияның Қазақстандағы баламалы инвестициялардың бірыңғай ұлттық платформасы ретіндегі шоғырландырылған рөлімен түсіндіріледі.

Fitch QIC-тің жеке капитал нарығының инфрақұрылымын дамытуға және шетелдік инвестицияларды тартуға ықпал етудегі рөлін атап өтті. QIC іске асырып жатқан жаңартылатын энергетика, тамақ және өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым және табиғи ресурстар салаларындағы жобалар мемлекет үшін жоғары әлеуметтік-экономикалық маңызға ие. Бұл корпорацияның мемлекеттік саяси рөлін сақтауға берілген жоғары бағаны негіздейді.

Инвестициялық деңгейдегі рейтингтің «Тұрақты» болжамымен расталуы QIC-тің қаржылық моделінің орнықтылығын және Қазақстандағы тікелей инвестициялар нарығын дамытудағы негізгі институт ретіндегі корпорация стратегиясының дәйектілігін тағы да атап көрсетеді.

Fitch Ratings хабарламасының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады:

https://www.fitchratings.com/research/international-public-finance/fitch-affirms-qazaqstan-investment-corporation-at-bbb-outlook-stable-04-09-2026

Присоединяйтесь к нашей команде

Кеңес алуға арналған чат-бот

Кеңес ал!