Fitch «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-на «BB+» / «Тұрақты» болжамды ЭДҰ рейтингін берді

21.07.2020
Fitch Ratings «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ) «тұрақты» болжаммен шетел және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін («ЭДҰР») берді. Fitch сондай-ақ ҚКМ-ге «AA (kaz)» ұлттық шкаласы бойынша рейтинг берді. Рейтинг Fitch ҚКМ-нің Қазақстан Республикасымен мықты байланыстары туралы пікірін көрсетеді («BBB»/ «Тұрақты»/ «F2» болжам). ҚКМ ұлттық экономиканың және Қазақстандағы тікелей инвестициялар инфрақұрылымының тұрақты дамуына жәрдемдесуге арналған тікелей инвестициялар қорларының қоры болып табылады. Қордың балансы 190 млрд теңгені құрайды. ҚКМ қызметі инфрақұрылым, Көлік және логистика, энергетика және технология сияқты экономиканың шикізаттық емес секторларына шоғырланған. Fitch талдаушылары рейтингті жасау кезінде ҚҚМ мемлекеттік мандаттар шеңберінде инвестициялық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесіп, экономиканы әртараптандыруға ықпал ететіндіктен, қордың екінші эшелонның мемлекетпен байланысты басқа да салыстырмалы компаниялары сияқты мемлекет бақылайтын ұйым ретінде қаралғанын атап өтті. Fitch пікірінше, мемлекеттің ҚКМ қолдау көрсету қабілеті мен дайындық деңгейі өте жоғары. Мемлекеттік қорландыруға қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыз алу, сондай-ақ оларға жиынтық көлемі 2019 жылдың соңына 190 млрд теңгені құраған активтердің 72% тиесілі болған капитал жарналары кіреді. Сонымен қатар, Fitch сарапшылары ҚКМ дефолтының жағдайындағы күшті әлеуметтік-саяси салдарды атап өтті, бұл мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына, сондай-ақ соңғы 10 жылда Қазақстанда тікелей инвестициялар инфрақұрылымын дамыту бойынша мемлекет қабылдаған шараларға уақытша қауіп төндіруі мүмкін. Қор жаңартылатын энергетикадан бастап коммуналдық секторға, тамақ өнеркәсібіне, инфрақұрылым мен табиғи ресурстар бойынша жобаларды жүзеге асырады. Fitch пікірінше, бұл жобалар Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекет үшін жоғары әлеуметтік-саяси мәнге ие. Fitch саяси сезімтал факторларды ескере отырып, ҚКМ дефолты жағдайында қызмет көрсетуді тоқтата тұру тәуелсіз эмитент үшін елеулі саяси салдары болуы мүмкін деп санайды. Мемлекетпен байланысты компанияларды рейтингілеу бойынша Fitch әдіснамасын негізге алынса, ҚКМ мемлекетпен кредиттік байланысты құрылым болып табылады, бұл мемлекетпен арадағы мықты байланыстарды көрсетеді, өйткені мемлекет ҚКМ 100 пайыздық түпкілікті меншік иесі болып табылады (тікелей емес болса да), сондай-ақ қажет болған жағдайда мемлекеттің қолдау көрсетуге әзірлігі де жоқ емес. Бұл «BBB» тәуелсіз ЭДҰР-ге қатысты екі деңгейге төмен нотчинг береді. Анықтама: «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ – Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында Қазақстандағы private equity инфрақұрылымын дамыту негізгі миссиясы болып табылатын 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты kcm-kazyna.kz. сайтынан табуға болады.

Присоединяйтесь к нашей команде