- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / Fitch «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ рейтингін «ВВ+» деңгейінде тұрақты болжаммен растады
Fitch «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ рейтингін «ВВ+» деңгейінде тұрақты болжаммен растады
13.12.2022
2022 жылғы желтоқсанда Fitch Ratings «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның (ҚКМ) шетел және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингтерін («ЭДР») «Тұрақты» болжаммен «BB+» деңгейінде растады. Fitch сонымен қатар «AA (kaz)» ұлттық межелігі бойынша ҚКМ рейтингін растады.
Растау Fitch-тің тікелей инвестициялар саласындағы үкіметтің негізгі инвестициялық институты ретіндегі рөлін ескере отырып, Қазақстан үшін ҚКМ (BBB/Тұрақты) қызметінің маңыздылығы туралы пікірін көрсетеді.
Fitch сарапшылары рейтингті құрастыру кезінде қорды мемлекет бақылайтын ұйым ретінде қарастырғанын, сонымен қатар басқа салыстырмалы мемлекетке қатысты екінші деңгейдегі компаниялар да қарастырғанын атап өтті, себебі ҚКМ мемлекеттік мандаттар шеңберінде инвестициялық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдеседі және экономиканы әртараптандыруға ықпал етеді.
Fitch пікірінше, мемлекеттің ҚКМ-ге қолдау көрсетуге қабілеттілігі мен дайындығы өте жоғары. ҚКМ «Индустриялық-инновациялық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы» операторларының бірі болып табылады. ҚКМ-ге «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы 2023 жылға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 35 млрд. теңге мөлшерінде жаңа капитал салымы мақұлданды. Бұдан басқа, ҚКМ Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобалар үшін 12,8 млрд. теңге мөлшерінде ұзақ мерзімді борыштық қаржыландыру алды.
Банк депозиттері мен инвестицияланған активтерден тұратын ҚКМ таза пайыздық кірісі шамамен 34%-ға 2,7 млрд. теңгеге дейін (2020 жыл: 2,0 млрд. теңге) қалпына келтірілді, бұл инвестицияланған активтер көрсеткіштерінің жақсаруына ықпал етті. ҚКМ активтері 2020 жылғы 194 млрд. теңгемен салыстырғанда 2021 жылы 214 млрд. теңгеге дейін өсті, бұл ақша қаражаты мен олардың баламаларының 21,5 млрд. теңгеге дейін (2020 жылы: 16,6 млрд. теңге) ұлғаюына және активтердің қайта бағалануына байланысты болды.
Сонымен қатар, Fitch сарапшылары ҚКМ дефолты жағдайында күшті әлеуметтік-саяси салдарларды атап көрсетеді, бұл мемлекеттік бағдарламалардың, сондай-ақ соңғы 10 жылда Қазақстанда тікелей инвестициялар инфрақұрылымын дамыту бойынша мемлекет қабылдаған шаралардың орындалуына уақытша қауіп төндіруі мүмкін. Қор жаңартылатын энергетикадан бастап тамақ өнеркәсібіне, инфрақұрылымға және табиғи ресурстарға дейінгі жобаларды жүзеге асырады. Бұл жобалар, Fitch пікірінше, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту тұжырымдамасы шеңберінде мемлекет үшін жоғары әлеуметтік-саяси маңызға ие. Саяси сезімтал факторларды ескере отырып, Fitch ҚКМ дефолты жағдайында қызмет көрсетуді тоқтата тұру ең егемен эмитент үшін айтарлықтай саяси салдарға әкеледі деп санайды.
Присоединяйтесь к нашей команде