- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / Қазына Капитал Менеджменттің еншілесі 2017 жылдың қорытындысы бойынша табысқа кенелді
Қазына Капитал Менеджменттің еншілесі 2017 жылдың қорытындысы бойынша табысқа кенелді
09.04.2018
Қазына Капитал Менеджменттің (ҚКМ) еншілес құрылымы - Baiterek Venture Fund (BVF) – қаржы есептілігінің аудит қорытындысы бойынша 2017 жылды шамамен 300 млн. теңге мөлшерінде таза кіріспен аяқтады.
BVF басшылығының деректері бойынша, былтыр оңтайландыру жүргізілді, инвестициялық портфельдің құрлымы мен сапасы жақсартылды. Соның нәтижесінде, салынған инвестициялардан экономикалық қайтарым және табыстылық өсті.
BVF 2016 жылды шығынмен аяқтады, шығын 522 млн. теңгені құрады.
«Былтыр біз BVF инвестициялық қызметін оңтайландырдық. Соның нәтижесінде, біз инвестиция салған жобалардан табыс ала бастадық. Мысалы, біз қауіпсіз және экологиялық таза эмульсиялық жарылғыш заттар өндірісі бойынша жобадағы өз үлесіміздің негізгі бөлігін саттық, ол 179 миллион теңге мөлшерінде инвестициялық кіріс алып келді. Сонымен қатар Макин құс фабрикасы құрылысы бойынша жобадағы инвестиция есебінен инвестициялық портефельдің көлемі 2,5 млрд. теңгеге ұлғайды», – деп Қазына Капитал Менеджменттің басқарма Төрағасы Асқар Достияров хабарлады.
Сонымен бірге BVF отандық бизнесті қаржылық қолдау мақсатында, жалпы сомасы 10 млрд. теңгеге перспективті жобалардың тізімін жасады.
«2018 жылы BVF жаңа жобаларды қаржыландыру есебінен инвестициялық портельдің көлемін ұлғайтуды жоспарлайды. Бірінші кезекте біздің алдағы 3 жылға бекіткен Өңірді дамыту бағадарламасының шеңберінде өңірлермен белсенді ынтымақтасуды бастаймыз», – деп Қазына Капитал Менеджменттің басқарма Төрағасы Асқар Достияров қосып өтті.
Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі экономиканың басым салаларына инвестиция құю бағдарламасын «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ әзірледі. Инвестициялар экономиканың шикізаттық емес салаларына, экспортты қолдауға және жеке кәсіпкерлікті дамытуға бағытталады деп жоспарлануда. Бағдарламаның операторы «Baiterek Venture Fund» АҚ болып табылады.
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ) – ұлттық экономиканың тұрақты дамуына ықпал ету үшін 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялық қорлардың қоры (private equity). ҚКМ отбасы қорлары экономиканың әртүрлі секторларындағы компанияларға әрі қарай өсу және бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында капитал ұсынады. ҚКМ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.
Baiterek Venture Fund (BVF) – инвесторы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ болып табылатын, қазақстандық тікелей инвестициялық қор. Еліміздің басым секторларындағы жобаларға үлестік қаржыландыру ұсыну арқылы қатысады. Қордың капитализациясы 12,7 млрд теңгені құрайды.
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ
баспасөз қызметі
Байланыс тел.: (+7 7172) 554 222 (ішкі.120);
Электрондық поштасы: PR@kcm-kazyna.kz;
Сайт: www.kcm-kazyna.kz
Присоединяйтесь к нашей команде