- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / Қазына Капитал Менеджменттің еншілес ұйымы жобадан $30 млн кіріспен шықты
Қазына Капитал Менеджменттің еншілес ұйымы жобадан $30 млн кіріспен шықты
25.05.2018
Қазына Капитал Менеджменттің еншілес құрылымы (ҚКМ) - CITIC Kazyna Investment Fund (қазақстандық-қытай тікелей инвестициялар қоры) – өз үлесін 30 млн. АҚШ долларына сатып, «Arctic Green Energy» жобасынан табысты шықты, сөйтіп салған инвестицияларын 2 есеге ұлғайтты.
СИТИК-Қазына қорының жобадан ішінара шығуы өзінің бастапқы инвестицияларын толық қайтарып алуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге Қор перспективті жобаға компания акцияларының 11% мөлшерінде қатысуын сақтайды. Компанияның IPO-ға шығуын жоспарлағанын ескере, Қор үлесі құнының әрі қарай өсуі үшін барлық алғышарттар бар.
«Қазына Капитал Менеджмент жаңғырмалы энергия көздерін дамыту бойынша бастамаларға көп көңіл бөледі және жасыл технологияларға негізделген жобаларға әрі қарай қатысуды жоспарлайды. Аталған жоба біздің инвестициялық стратегиямызды табысты іске асыру нәтижесі және шетелдік серіктестермен жемісті ынтымақтастықтың кезекті үлгісі болып табылады. Қытайда ШЫҰ мемлекет басшыларының саммитін өтікізу қарсаңында аталған оң нәтижелерге қол жеткізу жайдан-жай емес», - деп «ҚКМ» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Достияров атап өтті.
AGE – геотермальды ресурстардың негізінде жаңғырмалы энергия көздерін дамыту бойынша жаһандық жоба. Оны іске асыру халық және экономиканың әртүрлі секторлары үшін жылу және электр қуаты өндірісін экологиялық таза шешімдерді пайдалану арқылы едәуір арзандатуға мүмкіндік береді. Arctic Green Energy компаниясы Азияға ерекше көңіл бөліп, басқа елдерде басқа жаңғырмалы және геотермальды энергияныны пайдалану саласында сәтті исланд тәжірибесін енгізу мақсатында құрылған.
Присоединяйтесь к нашей команде