• QIC
  • / Жаңалықтар мен инсайттар
  • / Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің, Бәйтерек Холдингі мен оның еншілес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Қазына Капитал Менеджмент Стратегиялық сессиясы өтті

Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің, Бәйтерек Холдингі мен оның еншілес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Қазына Капитал Менеджмент Стратегиялық сессиясы өтті

22.04.2022
2022 жылғы 20 сәуірде Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің, Бәйтерек Холдингі мен оның еншілес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Қазына Капитал Менеджмент Стратегиялық сессиясы өтті. Сессия барысында 2021 жылғы қызмет қорытындылары, сондай-ақ Қоғамның одан әрі дамуының жоспарлары мен перспективалары айтылды. Сонымен қатар, қазіргі геосаяси жағдайдың ҚКМ инвестициялық портфеліне әсері туралы мәселелер көтерілді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ҚКМ меншікті капиталының мөлшері - 162 млрд теңгені, активтердің мөлшері - 214 млрд теңгені құрайды, бұл ретте инвестициялық портфельдің мөлшері - 165 млрд теңге болып отыр. Қазақстандық жобаларға ҚКМ жаңа инвестицияларының көлемі 2021 жылы-36,7 млрд теңгені құрады, бұл ретте ҚКМ салған қаражат бірлігіне арақатынаста Қазақстанға тартылған шетелдік инвестициялар коэфиценті - 2,36 АҚШ долларына тең, бұл 2020 жылдың қорытындыларының көрсеткіштерінен 2 есеге жуық артық (2020 жылы ҚКМ-нің ТИҚ-ке инвестициялары 16,2 млрд теңгені құрады теңге, Қазақстанға тартылған инвестициялардың ҚКМ салған 1 АҚШ долларына арақатынасы – 1, 67 АҚШ доллары). Негізінен инвестициялар көлік инфрақұрылымы (12 млрд теңге), АӨК (12,8 млрд теңге), медиа және ойын-сауық индустриясы (404 млн теңге), IT (1,5 млрд теңге) салаларына, сондай-ақ көлік және логистика, тамақ өнімдері мен сусындар өндірісі, металлургия өнеркәсібі, құрылыс-монтаждау жұмыстары сегментіне бағытталды (8,5 млрд теңге). Осылайша, ҚКМ қолдауымен 2021 жылы 1 353 жаңа жұмыс орны құрылды. Жауапты инвестициялау қағидаттарын ұстану саласындағы әлемдік үрдістерге және олардың жобалардың орнықтылығы мен рентабельділігіне әсеріне бағдарлана отырып, 2021 жылы ҚКМ инвестициялық үдерістерге ESG-тәсілдерді интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілді.Жобаларды ESG стандарттарына сәйкестігін бағалау бөлігінде Қоғамның инвестициялық саясатына өзгерістер енгізілді.Жауапты инвестициялау тәжірибесін енгізу институционалдық инвесторлар үшін ҚКМ көзге түсіп, танылуынарттырады және "жасыл" жобалар портфелін өсіру үшін қосымша капиталдандыруды тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ сессия барысында дамудың стратегиялық бағыттары мен Қоғамның жаңа бастамалары талқыланды. Қазақстанда венчурлік қаржыландыру және стрестік активтер нарығы желісі бойынша сыртқы қорландыруды тарту үшін халықаралық даму институттарымен өзара іс-қимыл жасау мәселесіне ерекше назар аударылды. Келесі жылы негізгі инвестициялық қызметтен басқа, кэптивті және портфельдік қорлардың командалары жобалар портфелінің күшейтілген мониторингіне және әлемдік нарықтың ағымдағы конъюктурасын ескере отырып, жобалардан шығудың оңтайлы стратегияларын пысықтауға шоғырланады. Стратегиялық сессияның маңызды күн тәртібінде әлемдегі геосаяси жағдайдың ҚКМ инвестициялық портфелі мен жобалау компанияларына әсерін шолу болды. Осылайша, ықтимал инвестициялық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретін бірқатар шаралар айтылды. ҚКМ қорлары жобалардың негізгі капиталына инвесторлар бола отырып, жобалау компанияларының операциялық қызметін сапалы жақсартуға және бизнес құнын арттыруға мүдделі. ҚКМ тәуекелдерді бизнес иелерімен бөліседі және бизнесті қалпына келтіруге және компанияның одан әрі ұзақ мерзімді тұрақты өсуіне күш салады.

Присоединяйтесь к нашей команде