Baiterek Venture Fund Жоғарғы Талапты гидроэлектростанциясының құрылысын қаржыландырды

13.01.2023
Baiterek Venture Fund («Qazaqstan Investment Corporation» АҚ, бұрын «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ кэптивтік қоры) Жетісу облысындағы Көксу өзенінде Жоғарғы Талапты гидроэлектростанциясын салу жобасын қаржыландырды. Жобаның жалпы құны - 5,4 млрд теңге. Жаңа ГЭС-тің белгіленген қуаты 7 МВт құрайды. Көксу өзенінде Жоғарғы Талапты ГЭС салу жобасы Қазақстан Республикасы Жетісу облысының Ескелді және Көксу аудандарының аумағында іске асырылуда. Көксу, Қаратал, Тентек өзендерінің және Жетісу Алатауы тауларының солтүстік және оңтүстік беткейлерінің басқа да өзендерінің гидроэнергетикалық ресурстарын ГЭС салу есебінен электр энергиясын алу үшін және реттеуші қуатты жеткізу үшін пайдалану өңір үшін өте өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта Жетісу облысы электрмен жабдықтау бойынша тапшы болып табылады: жылдық тұтынудың шамамен 30%-ы өз көздерімен жабылады, ал қалған 70%-ы шалғайдағы сыртқы көздерден, соның ішінде Солтүстік энергетикалық аймақтың жылу станцияларынан келеді. Жоғарғы Талапты ГЭС іске қосу Жетісу облысының энергетикалық қауіпсіздігіне және өңірдің экологиясына оң әсер етеді. Жоба аясында 18 жаңа жұмыс орны құрылады, бюджетке төленетін салық төлемдерінің жоспарланған сомасы 1 млрд 579 млн теңгені құрайды. Қоршаған ортаны қорғау, «жасыл» энергетиканы дамыту және әлеуметтік жауапкершілік мәселелері Qazaqstan Investment Corporation үшін инвестициялық шешімдер қабылдауда үлкен маңызға ие. Qazaqstan Investment Corporation Қазақстандағы private equity инфрақұрылымын дамытудың драйвері бола отырып, өзінің стратегиялық міндеттерінің бірі ретінде «Халықаралық танылған экологиялық, әлеуметтік және басқару стандарттарына (ESG) негізделген тұрақты бизнесті дамытуға жәрдемдесуді» белгіледі. Осылайша, 2022 жылдың қазан айында Qazaqstan Investment Corporation БҰҰ-ның «Жауапты инвестициялау қағидаттары» қауымдастығына (UN Principles of Responsible investments) кіріп, өзінің инвестициялық қызметіне ESG стандарттарын енгізу тұжырымдамасын ұстанатын институционалдық инвесторлардың жетекші халықаралық желісіне қосылған ТМД-дағы алғашқы квазимемлекеттік қаржы институты болды. Qazaqstan Investment Corporation «жасыл» инвестициялар портфелін ұдайы арттырып отырады, сол арқылы Климат жөніндегі Париж келісімі шеңберінде қабылданған Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауға, сондай-ақ 2020 жылғы желтоқсанда БҰҰ Климаттық амбициялар жөніндегі саммитінде ҚР Мемлекет басшысы мәлімдеген 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығын қамтамасыз ету жөніндегі мақсатқа қол жеткізу үшін үлес қосады. Көксу өзенінде Жоғарғы Талапты гидроэлектростанциясын салу жобасы Qazaqstan Investment Corporation кэптивтік қорлары қаржыландырған 5 жасыл жоба болады. Бүгінде Qazaqstan Investment Corporation портфелінде жалпы қуаты 200 МВт жаңартылатын энергия көздері саласында іске асырылған 4 жоба бар. Анықтамалық: 2022 жылғы 28 желтоқсанда «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Жалғыз акционері «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ атауын «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ болып өзгерту туралы шешім қабылдады. «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры, оның негізгі миссиясы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында Қазақстанда private equity инфрақұрылымын дамыту болып табылады. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты сайттан табуға болады: qic.kz. «Baiterek Venture Fund» АҚ - 2014 жылы құрылған тікелей инвестициялар қоры экономиканың басым салаларында жұмыс істейтін отандық компанияларға қаржылық қолдау көрсетеді. «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты сайттан табуға болады: bvfund.kz

Присоединяйтесь к нашей команде