Айнұр Қуатова «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басшысы болып сайланды

06.01.2020
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқармасының төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып ағымдағы жылдың 6 қантарынан бастап Айнұр Сайынқызы Куатова сайланды. Жалғыз акционер болып табылатын «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның шешімімен Айнұр Сайынқызы Куатова «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ («ҚКМ» АҚ) Басқармасының төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып ағымдағы жылдың 6 қантарынан сайланды. Ұжымға «ҚKM» АҚ жаңа басшысын «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов таныстырды. А. Әріпханов жаңа басшының жұмысына сәттілік тілеп, қорларды әрі қарай дамытуды және жобалар қоржынын кеңейту бойынша міндеттерді қойды. 2016 жылдың шілдесінен бастап А. Куатова «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры лауазымын атқарды және инвесторлармен жұмыс жасау, жобаларды қаржыландыру және мемлекеттік - жеке әріптестік, экспортты қолдау мәселелеріне жетекшілік етті. Мемлекеттік қызметте және корпоративтік басқару саласында жиырма жылдан астам өтілі бар. 2014-2015 жылдары А.Куатова «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасының Стратегия және бизнесті трансформациялау жөніндегі орынбасары және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды. 1995 - 2013 жж. - «Казинтербанк» ЖАҚ-да аға маман, «Қазақойл» ҰК Қарашығанақ департаментінің бас қаржы менеджері, Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде бөлім бастығы, «Коноко Филлипс Қазақстан» ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі менеджер, «Ланкастер Инвест» АҚ вице-президенті, «KMK Mұнай» АҚ бизнесті дамыту және маркетинг жөніндегі директоры, «Карповский Северный» АҚ президенті, Қоршаған орта және су ресурстары министрінің кеңесшісі. Лондондағы Middlesex University және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. «ҚKM» АҚ бұрынғы басшысы Ардақ Қасымбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Присоединяйтесь к нашей команде