- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / Қаржы институттарының рөлін күшейту керек
Қаржы институттарының рөлін күшейту керек
Мемлекет басшысы экономикалық белсенділікті қолдаудың маңызын дұрыс атап өтті. Бұл мәселені шешудің тиімді құралдарының бірі – қаржы институттарының рөлін күшейту. Қаржы институттары әртүрлі аймақтағы экономикалық басым секторларды қолдауда белсенді позицияны ұстануға тиіс.
Қаржыландыру – финтехтегі стартаптың өсуі мен инновацияның негізі. Инвестицияларды табысты тартуға қаржылық-технологиялық жобаларға назар аудара отырып, венчурлық қорларды құру маңызды. Бұл құрал капиталды арнайы қаржылық технологиялар индустриясындағы инновациялық жобаларға бағыттауға мүмкіндік береді. Бұған бастапқы кезеңдегі стартаптарға инвестиция салатын жеке сектормен мемлекеттік қорлар құру кіреді.
Ірі банктер мен корпорацияларды тарту жүйесін де бір ізге түсіру керек. Банктер мен ірі компаниялар финтехке стратегиялық инвестициялауға мүдделі болса, жеке технологиясын жетілдіреді, тұтынушылар базасын кеңейтеді. Сондықтан осы тұста стартаптар мен технологиялық компанияларға корпоративтік инвестицияны ынталандыру маңызды.
Қазір біршама жұмыс жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн. Мысал ретінде финтехті дамыту саласындағы «QIC» нәтижелерін айта аламын. Ол венчурлық қаржыландыруды дамытуға ерекше көңіл бөледі: жалпы капиталдануы 2,3 млрд долларды құрайтын 14 жеке капиталдың, 3 венчурлық қордың қатысушысы. 50-ден астам халықаралық институционалдық инвесторлармен, ұлттық әл-ауқат қорларымен және халықаралық қаржы институттарымен серіктестікте жеке капитал қорларын инвестициялайды, басқарады.
Біз аймақтық стартаптар экожүйесін одан әрі дамытамыз. Сол себепті, экспортқа бағытталған ІТ-жобалардың өсуіне ықпал етуге «Astana Hub» және басқа да жеке ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырамыз. Отандық компанияларды инвестициялау арқылы «QIC» уақыт өте келе мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын нығайтып, елеулі салық төлеушілерге айналған қуатты нарыққа шығуына көмектеседі.
Ерболат Жолат,
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ басқарма төрағасы
Ақпарат көзі: Егемен Қазақстан
Присоединяйтесь к нашей команде