- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / Ардақ Қасымбек «Қазына Капитал Менеджмент» басшысы болып сайланды
Ардақ Қасымбек «Қазына Капитал Менеджмент» басшысы болып сайланды
01.06.2018
2018 жылы 30 мамырда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының шешімімен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма төрағасы және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып Қасымбек Ардақ Махмұтұлы сайланды.
Ардақ Қасымбектің 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, оның 14 жылдан астамы - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да жетекші және басқарушы қызметтерде. Соңғы лауазымында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ аға вице-президенті және қаржы директоры болып қызмет етті. «Таукен Самұрық» ҰТК» АҚ және «Қазатомпром» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
Присоединяйтесь к нашей команде