«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ 2025 жылғы жылдық есебін жариялады

13.08.2026
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ  2025 жылғы жылдық есебін жариялады

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ еншілес ұйымы «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC) 2025 жылғы жылдық есебін жариялады.

Есепті кезең QIC үшін сапалы трансформация, инвестициялық қызметті масштабтау және институционалдық инвестор және капиталды басқарудың көп деңгейлі платформасы ретіндегі позицияларды нығайту кезеңі болды. Даму Стратегиясын дәйекті түрде жүзеге асыра отырып, QIC инвестициялық портфелін, қаржы құралдарының желісін және халықаралық ынтымақтастықты едәуір кеңейтті.

2025 жылдың қорытындысы бойынша QIC қатысуымен қорлардың инвестицияларының жалпы көлемі 787,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 13 есе артық. Жыл ішінде 15 жаңа жоба қаржыландырылды, ал қолдау тапқан жобалардың жалпы саны 144-ке жетті. Инвестициялар өңдеу өнеркәсібіне, энергетикаға, агроөнеркәсіптік кешенге, IT, инфрақұрылымға, денсаулық сақтауға және басқа да салаларға бағытталған, бұл Корпорацияның экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуға арналған стратегиялық бағытын көрсетеді.

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша QIC активтері өткен жылмен салыстырғанда төрт есеге (965,9 млрд.теңгеге немесе 304,1% - ға) ұлғайып, 1 283,5 млрд. теңгеге жетті. Активтердің өсуі инвестициялық қызметтің ауқымдылығын және Қазақстан экономикасына ұзақ мерзімді капиталды тартудағы QIC рөлінің күшейгенін айғақтайды.

Есепті кезеңде Корпорацияның инвестициялық портфеліне өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешеннен бастап инфрақұрылымдық және технологиялық жобаларға дейінгі салалардың кең ауқымын қамтитын 19 тікелей және венчурлік инвестициялар қоры кіреді. Есепті кезеңде тікелей инвестициялар қорларынан түскен түсімдер 42,5 млрд. теңгені құрады.

QIC қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді. Жыл қорытындысы бойынша 409 жаңа жұмыс орны құрылды, 51 572 жұмыс орны сақталды, ал портфельдік компаниялардан бюджетке түсетін салық түсімдері 128,6 млрд.теңгеге жетті.

Есепті жылы Қарағанды облысындағы ыстық мырыштау зауытын, Абай облысындағы «Қазполиграф» ЖШС Pure-Pak картон қаптамасының кеңейтілген өндірісін, сондай-ақ ШҚО-дағы «Altai Mai» ЖШС толық циклды май экстракциялау зауытын және басқа да жобаларды қоса алғанда, бірқатар өндірістік объектілер пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 2025 жылы QIC ірі индустриялық жобаларды іске асыруға қатысу ауқымын кеңейтті. Атап айтқанда, QIC өндірістік қуаттылықты жылына 5 млн.тоннаға дейін ұлғайтуға, өнім желісін кеңейтуге, өндірістік және қосалқы инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ орнықты даму мен корпоративтік басқарудың заманауи стандарттарын енгізуге бағытталған «Qarmet» АҚ кешенді жаңғырту жобасын қаржыландыруды бастады.

QIC энергетикадағы бірқатар стратегиялық маңызды бастамаларды, соның ішінде Ақтау қаласында қуаттылығы 160 МВт бу-газ электр станциясының құрылысын және Батыс Қазақстан облысында қуаттылығы жылына 130 мың тонна метанол өндіретін газ-химия кешенінің құрылысын қаржыландырды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында тікелей инвестициялар қорларының жаңа архитектурасын қалыптастыру жылдың басты оқиғаларының бірі болды. Нысаналы мөлшері 4 млрд. АҚШ долларына жететін, ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталған Kokzhiyek Fund L.P. флагмандық жобаға айналды. Жыл соңына қарай оның инвестициялық портфелінің көлемі 1,2 млрд. АҚШ долларына жетті.

Желтоқсан айында экспортқа бағдарланған ауыл шаруашылығына, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге және АӨК саласындағы логистикаға инвестиция салатын, нысаналы көлемі 1 млрд.АҚШ долларына жететін Adal Fund L.P. тіркелді.

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту дамудың маңызды бағыты болды. 2025 жылы QIC Forebright Life Science Technology Fund L. P. және TVM Healthcare SEA Fund L. P қоса алғанда, биотехнология, денсаулық сақтау және өмір туралы ғылым саласындағы мамандандырылған қорлардың инвесторлары қатарына қосылды.

Корпорация сондай - ақ Қазақстанның, Орталық Азияның және басқа да перспективалы нарықтардың технологиялық компанияларын қолдау үшін құрылған нысаналы көлемі 1 млрд.АҚШ доллары болатын қорлар қоры-Sturgeon Emerging opportunities II L. P. және Alem Ventures Fund L. P.-ге қосыла отырып, венчурлық экожүйені дамытуды жалғастырды.

Жыл бойы QIC инвестициялық жобалардан: 5,2 млрд.теңге мөлшерінде инвестициялық өсімді қамтамасыз еткен «Aitas KZ» АҚ жобасынан толық шығу және инвестициялық өсімі 1,7 млрд. теңгені құрайтын «EMC Agro» ЖШС жобасынан ішінара шығу бойынша бірқатар мәмілелерді сәтті іске асырды.

2025 жылы Sustainable Fitch бөлімшесі жалпы балды 59-дан 60-қа көтеріп, QIC-тің ESG рейтінгін «3» деңгейінде растады. Бұл тұрақты басқару жүйесінің дәйекті дамуын және қаржылық емес ақпаратты жария етудің ашықтығын арттырады.

2025 жылдың қорытындылары QIC-тің инвестициялық қызметті масштабтауға, тікелей инвестициялар нарығын одан әрі дамыту үшін берік негіз қалыптастыруға көшкенін және QIC-тің Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсуінің негізгі даму институттары мен драйверлерінің бірі ретіндегі рөлінің нығайғанын растайды.

Присоединяйтесь к нашей команде

Кеңес алуға арналған чат-бот

Кеңес ал!