- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Сямэнь қаласында Silk Road Fund ұйымдастырған энергетикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі панельдік пікірталасқа қатысты
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Сямэнь қаласында Silk Road Fund ұйымдастырған энергетикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі панельдік пікірталасқа қатысты
Сямынь, Қытай, 2026 жылғы 9 қыркүйек – «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингінің еншілес ұйымы болып табылатын «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғаббас Ержанов энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі инфрақұрылымдық инвестициялардың рөліне арналған Silk Road Fund ұйымдастырған «Infrastructure Investment Driven by Energy Security» панельдік сессиясына қатысты.
Панельдік пікірталас Сямэнь қаласында өткен халықаралық кездесу аясында ұйымдастырылып, оған жетекші халықаралық инвестициялық институттардың өкілдері қатысты. Сессияны Silk Road Fund басқарушы директоры Grace Deng модерациялады. Панельге GIP, AIIM, Macquarie және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.
Өз сөзінде QIC Басқарма Төрағасының орынбасары энергетикалық қауіпсіздік ұзақ мерзімді инфрақұрылымдық инвестициялардың бағыттарын айқындайтын негізгі факторлардың біріне айналып отырғанын атап өтті. Цифрландырудың өсуі және жасанды интеллектінің қарқынды дамуы электр энергиясына деген сұраныстың айтарлықтай артуына алып келеді. Бұл ретте геосаяси тұрақсыздық орнықты әрі әртараптандырылған энергетикалық жүйелерді қалыптастыру қажеттілігін күшейтуде.

Ғаббас Ержанов өз сөзінде Қазақстанның тәжірибесі мен стратегиялық басымдықтарына ерекше тоқталды. Ол Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бағытын дәйекті түрде іске асырып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ел үшін энергиямен жабдықтаудың сенімділігі мен жаңа генерациялау қуаттарын дамыту басым бағыттардың бірі болып қала береді.
Маңызды бағыттардың бірі — заманауи газ генерациясын дамыту. Қазақстанда газ электр станцияларын салу бойынша, оның ішінде халықаралық энергетикалық компаниялардың қатысуымен бірқатар жобалар іске асырылуда. Осындай жобалардың бірі ретінде Қазақстанның батыс өңіріндегі Huadian жобасы атап өтілді. Мұндай жобалар энергетикалық жүйенің орнықтылығын арттыруға және жаңартылатын энергия көздерінің одан әрі өсуі жағдайында қажетті теңгерімдеуші қуаттарды қамтамасыз етуге бағытталған.

Панельдік сессия барысында атом энергетикасын дамыту мәселесіне де жеке тоқталынды. QIC өкілі атом энергетикасының Қазақстанның ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және генерация құрылымын әртараптандырудағы стратегиялық рөлін атап өтті. 2035 жылға дейінгі жоспарлау шеңберінде Қазақстан халықаралық әріптестермен ынтымақтастықта атом энергетикасын дамыту мүмкіндіктерін қарастыруда.
Ұзақ мерзімді перспективада негізгі міндеттердің бірі — энергия көздерін одан әрі әртараптандыру және энергиямен жабдықтаудың сенімділігін, экономикалық өсуді және көміртегі бейтараптығына кезең-кезеңімен қол жеткізуді қатар қамтамасыз ететін теңгерімді энергетикалық портфельді қалыптастыру.

Ғаббас Ержанов энергетикалық көшу елеулі көлемде ұзақ мерзімді капиталды қажет ететінін және халықаралық инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Бұл ретте инвестициялық шешімдер жекелеген жобалардың экономикалық тиімділігін ғана емес, олардың ұлттық энергетикалық жүйелердің орнықтылығына, генерация көздерін әртараптандыруға және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосатын үлесін де ескеруі тиіс.
Панельдік пікірталасқа қатысушылар цифрлық экономиканың және жасанды интеллектінің дамуына байланысты энергия тұтынудың өсуін, мемлекеттердің энергетикалық тәуелсіздікке қатысты тәсілдерінің өзгеруін, сондай-ақ жаһандық энергетика секторындағы ұзақ мерзімді трансформация жағдайында инфрақұрылымдық инвесторлар үшін туындайтын мүмкіндіктер мен тәуекелдерді талқылады.
Присоединяйтесь к нашей команде