«Қазына Капитал Менеджмент» Turkistan Tourism City жобасын қаржыландыруға қатысады

29.03.2021
Қаражат жабдықтарды сатып алуға және монтаждау-құрылыс жұмыстарына бағытталған «Қазына Капитал Менеджмент» компаниясы Түркістан облысындағы «Керуен-Сарай» көпфункционалды туристік кешенінің жобасын қаржыландыруды бастады. Қаржыландыру DBK Equity Fund C. V қоры арқылы жүзеге асырылады. DBK Equity Fund - қазақстандық тікелей инвестициялар қоры «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ еншілес ұйымы болып табылады. Кешенді Turkistan Silk Way Harbor компаниясы салып жатыр, жобаның жалпы құны - 87 млрд теңге. DBK Equity Fund C. V. қоры жылдық 12,8% сыйақы мөлшерлемесімен 7 жыл мерзімге 13 млрд 500 млн теңге мөлшерінде мезониндік қаржыландыруды ұсынды. Қарыз алушының жеке қатысу үлесі 47 млрд теңге, бұл жобаның жалпы құнының 54% - ын құрайды. Қаржы құрал-жабдықтар сатып алуға, сондай-ақ монтаж-құрылыс жұмыстарына бағытталған. Turkistan Silk Way Harbor - бұл FTG түрік компаниясы және KIDF (Kazakhstan Investment Development Fund (IDF) Management Company Ltd компаниясы құрған девелоперлік компания екенін айта кетейік. Түркістанның ауқымды құрылысы - барлық өңірдің экономикалық дамуына серпін береді. Соңғы 3 жылда облысқа келетін туристер саны 25% - ға өсті, орналастырылған объекті саны 131 бірлікті құрайды. Жыл сайын Түркістан қаласына шетелден 28 мың турист келеді. Мамандардың болжауынша, кешен бес жыл ішінде 890 мыңнан астам адам қабылданады деп жоспарлап отыр. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы) – бұл private equity қорларының қоры және ол ұлттық экономиканың тұрақты дамуына жәрдемдесу үшін құрылған. Халықаралық институционалдық инвесторлармен, тәуелсіз қорлармен және халықаралық қаржы ұйымдарымен әріптестікте ҚКМ инвестиция салады және тікелей инвестициялар қорын басқарады. ҚКМ қорлары экономиканың түрлі секторларындағы компанияларға одан әрі өсу және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін капитал береді.

Присоединяйтесь к нашей команде