«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Қазақстандағы экспорттық-бағытталған ет кластерін дамытуға көмектеседі

12.11.2019
Ет өнімдерін өндіруші «Emc Agro» ЖШС «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ қаржыландыруы есебінен шошқа етін өн «Emc Agro» ЖШС – Солтүстік Қазақстан облысында Тайынша ауданында орналасқан, өндіріспен интеграцияланған компания, онда мал өсіру, көбейту және оны сою, сондай-ақ етті қайта өңдеу және жеке дистрибуция қамтылған. «Ірі және ұсақ қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамытумен қатар, жақын жатқан елдерге Ресей мен Қытайға экспорттау мақсатында шошқа етін өндіру біздің еліміз үшін басым болып табылады. Қазір қазақстандық шошқа өсірушілер Қазақстандықтардың шошқа етіне деген сұранысын толығымен жабуда. Біздің қолдауымыз компанияға сыртқы нарықтарға шығу үшін кең перспективалар ашады деп есептейміз»,- деп атап өтті «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әсет Сағымбеков. «Emc Agro» ЖШС сапалы, экологиялық таза өнімді түпкілікті тұтынушыға жеткізуге бағытталған және өзінің негізгі мақсаты – Қазақстандағы шошқа етіне деген қажеттілікті толығымен қамтамасыз ету. Белгіленген жоспарларды іске асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалатын болады, бүгінгі күні компанияның өндірістік алаңдарының жалпы ауданы 25 мың м2 асады. «Алдағы уақытта «Emc Agro» ЖШС жылына 200 мың тонна шошқа өсіруді, оның ішінде 85 мың тонна етті шетелге экспорттауды жоспарлап отыр. Біз өндірістің қазіргі ауқымын көріп отырмыз, өйткені бұл айтарлықтай үлкен және жұмыс істеп тұрған компания, біздің қолдауымызбен компания дамып, өндіріс көлемін ұлғайтпты деп түсінеміз»,- деп айтып өтті «Baiterek Venture Fund» АҚ Басқарма төрағасы Жандар Құтбай Бүгінгі күні ет комбинатының құрамында тәулігіне 1200 шошқа сою желісі мен тәулігіне 400 бас ІҚМ союмен айналысатын сою цехы бар. Тоңазытқыш жабдығы бір уақытта 400 тонна ет өнімдерін сақтауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта фермада 2000-нан астам ұрғашы шошқа бар. Ферманың ағымдағы қуаты жылына 50 000 бас шошқаны құрайды. Қаржыландыруды игеру жоспарына сәйкес компания шошқа фермасының қолда бар орынжайларын кеңейту, шошқа мен торайларды ұстау үшін жаңа жабдықтар сатып алатын, сондай-ақ асыл тұқымды мал басын арттыратын болады

Присоединяйтесь к нашей команде