- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ комбайн өндірісіне инвестиция салады
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ комбайн өндірісіне инвестиция салады
29.03.2021
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы) «Kazrost Engineering Ltd» ЖК жобасын қаржыландыруды бастағаны туралы хабарлайды
«Kazrost Engineering Ltd» ЧК-ны қаржыландыру «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ еншілес ұйымы - «BV Management» ЖШС арқылы жүзеге асырылады. Капиталға салынған инвестициялар сомасы 60 ай мерзімге 1 178 000 000 теңгені құрайды. Ақша қаражаты машина жинақтарын сатып алуға, комбайндар шығаруға, құрастыруға, сервистік қызмет көрсетуге жұмсалады.
Қазіргі уақытта Kazrost Engineering Ltd. қуаты жылына 1000 бірлікке дейін астық жинайтын комбайн шығаратын, екі өндірістік цехы және логистикалық кешені бар (қоймалар, тұйықталған т/ж және аппарель бар), қазіргі заманғы технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған, жалпы ауданы 10 мың шаршы метрден астам және жалпы аумағы шамамен 7 га болатын ірі өндірістік кәсіпорын болып табылады.
«Kazrost Engineering Ltd. 2020 жылдан бастап «Ростсельмаш комбайн зауыты» ЖШҚ-мен эксклюзивті келісім жасасып, оның шеңберінде ҚР-да ауыл шаруашылығы мақсатындағы техниканы өнеркәсіптік құрастыруды/шығаруды жүзеге асыруға міндеттеме алды. Қазіргі уақытта кәсіпорын 4 класты - VECTOR 410, 5 класты – ACROS 550 астық жинайтын комбайндар құрастырумен және оларды соңғы тұтынушыларға, сондай-ақ «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ және т. б. лизингтік компанияларға сатумен айналысады.
Отандық компания қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, әрі қарай түрлі жұмыс бағыттарын дамытуда. 2020 жылы кәсіпорын 440 бірлік астық жинау комбайнын шығарып, оны табысты сатты. 2021 жылға 512 бірлік комбайн шығару жоспарланған. «Kazrost Engineering Ltd» ЖК ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін жергіліктендірудің ағымдағы деңгейі VECTOR комбайндары үшін ұқсас көрсеткішпен 40% - ды құрайды. Компания жергілікті қамту үлесін жыл сайын 7% - ға арттыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, ҚР-да «Kazrost Engineering Ltd» ЖК базасында қытайлық YTO бренді тракторларын құрастыру жоспарлануда.
Сарапшылардың пікірінше, қазіргі уақытта республикада астық жинайтын жаңа комбайндар тапшылығы 60%-дан асады. ҚР-да ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңартуға деген қажеттілік жыл сайынғы талап етілуі 11,3% -ды құрағанмен, 2,8% - ға ғана жаңартылуда.
Анықтама
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы) – бұл private equity қорларының қоры. Ұлттық экономиканың тұрақты дамуына жәрдемдесу үшін құрылған. Халықаралық институционалдық инвесторлармен, тәуелсіз қорлармен және халықаралық қаржы ұйымдарымен әріптестікте ҚКМ инвестиция салады және тікелей инвестициялар қорын басқарады. ҚКМ қорлары экономиканың түрлі секторларындағы компанияларға одан әрі өсу және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін капитал береді. «Kazrost Engineering Ltd» ЖК - Қазақстанда «Ростсельмаш» брендінің ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші, оның құрамына 5 елдің 11 өндірістік алаңында орналасқан 13 кәсіпорын кіреді.
Присоединяйтесь к нашей команде