• QIC
  • / Жаңалықтар мен инсайттар
  • / Қазына Капитал Менеджмент, Гонконг қор биржасы және CITIC Securities қазақстандық компанияларды IPO-ға шығару туралы келісімге келді

Қазына Капитал Менеджмент, Гонконг қор биржасы және CITIC Securities қазақстандық компанияларды IPO-ға шығару туралы келісімге келді

07.11.2017
Қазақстандық делегация ҚХР-на іс-сапары барысында Гонконгте Гонконг қор биржасының өкілдерімен, жеке инвесторлармен бірқатар кездесулер өткізіп, қазақстандық бір-екі компанияны пилоттық жоба ретінде Гонконг қор биржасы арқылы IPO-ға шығару жайлы мәміле Қазақстандық делегация ҚХР-на іс-сапары барысында Гонконгте Гонконг қор биржасының өкілдерімен, жеке инвесторлармен бірқатар кездесулер өткізіп, қазақстандық бір-екі компанияны пилоттық жоба ретінде Гонконг қор биржасы арқылы IPO-ға шығару жайлы мәмілеге келді. Гонконг сарапшылары ҚКМ-тің бұл бастамасына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Сонымен қатар, ҚКМ компаниялардың IPO-ға ұтымды шығуына кеңес беретін Қытайдың ең ірі инвестициялық CITIC Securities Co., Ltd. компаниясымен де кездесті. CITIC Securities Co., Ltd. компаниясы да ҚКМ-пен біріккен тікелей инвестициялар қорлары аясындағы бірігу және сатып алу келісім-шарттарында, ҚКМ-тің Гонконг қор биржасына ұсынған пилоттық жобасында да кеңес беруге дайын. Сондай-ақ, делегация жеке Гонконг инвесторларымен бірлескен қор құру туралы соңғы келіссөздер жүргізіп, құрылатын Қордың шеңберін белгілеген хаттамаға қол қойды. Жаңа қордың аясында жұмыс істеуге бірнеше компания қызығушылығын танытқанын да айта кеткен жөн. Бұл біз үшін жағымды жаңалық. Жеке компаниялар өкілдерінің айтуынша, олар Қытай мен Қазақстанның «Бір белдеу - бір жол» мемлекеттік бағдарламасына, әсіресе инфрақұрылым, көлік және логистика саласындағы бірлескен жобаларға инвестиция салу мәселелеріне қызығушылық танытады. «Қазына Капитал Менеджмент» - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы

Присоединяйтесь к нашей команде