- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / Өскемен қаласында тәулігіне 500 тонна өнім өндіретін толық циклді май экстракциялау зауыты ашылды
Өскемен қаласында тәулігіне 500 тонна өнім өндіретін толық циклді май экстракциялау зауыты ашылды
2025 жылғы 12 желтоқсанда АО «Qazaqstan Investment Corporation» («Байтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) қодауымен AOM SDF I B.V. тікелей инвестициялар қоры арқылы және «BV Management» ЖШС басқаруымен, Өскемен қаласында толық циклді жаңа май экстракциялау зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Жоба ALTAI MAI компаниясымен, сондай-ақ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ және «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қатысуымен жүзеге асырылуда.
Салтанатты ашылу барысында «BV Management» ЖШС Бас директоры Бексолтан Диас Аскарович аталған жобаның өңірдің экономикалық дамуына маңызды серпін беретінін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа өндірістің іске қосылуы елдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтіп қана қоймай, жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде экспорт көлемін арттыруға және отандық қайта өңдеушілердің сыртқы нарықтағы позициясын нығайтуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, ол жобаның жаңа жұмыс орындарын құруға, жергілікті ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға және жоғары технологиялық өндірістерді дамытуда мемлекет пен бизнес серіктестігінің тиімділігін көрсететінін атап өтті.
Зауыттың өндірістік қуаты тәулігіне 500 тонна, ал шикізатты сақтау кешенінің көлемі 32 000 тонна құрайды. Кәсіпорынның жалпы аумағы 9,5 гектар. Технологиялық процесс толық цикл қағидаты бойынша — шикізатты қабылдаудан бастап дайын өнімді қаптауға дейін — ұйымдастырылған.
Жобаның негізгі мақсаты — жоғары сапалы дайын өнім өндіру, ішкі нарықты рафинадталған маймен қамтамасыз ету және рафинадталмаған майдың экспортын дамыту.
Жоба ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеуге бағытталған және экономиканы әртараптандыру, өңделген тауарлар экспортын арттыру, агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін көтеру және халықты жұмыспен қамтуды кеңейту сияқты мемлекеттік индустриялық саясаттың басымдықтарына толық сәйкес келеді.
ALTAI MAI жобасы мемлекет пен бизнес арасындағы табысты әріптестіктің жарқын үлгісі болып, өнеркәсіп секторын дамыту және Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыру үшін ұзақ мерзімді қаржыландырудың маңыздылығын айқын көрсетті.
Анықтама үшін:
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – негізгі миссиясы тікелей инвестицияларды тарту және негізгі салаларды жаңғыртуға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін жобаларды қолдау арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуіне жәрдемдесу болып табылатын, 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ сайтынан алуға болады.
«BV Management» ЖШС — «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-nың еншілес ұйымы, Қазақстан экономикасының басым секторларында жобаларды іске асыратын жылдам дамып келе жатқан және инновациялық компанияларға инвестицияларды жүзеге асырады.
«Алтай-Май» ЖШС – Шығыс Қазақстанда орналасқан майлы дақылдарды толық цикл бойынша қайта өңдейтін заманауи кешен. Кәсіпорын ішкі және халықаралық нарықтарға тұрақты әрі жоғары сапалы өнім ұсыну үшін әлемде мойындалған озық технологияларды пайдалана отырып, майлы дақылдарды өңдейді. Зауыт Bühler (Швейцария), Cedar (Аргентина) және HF Press+LipidTech (Германия) компанияларының заманауи жабдықтарымен жарақтандырылған. Қосымша ақпаратты ресми сайтынан алуға болады: https://altaimai.com/#submenu:more-en

Присоединяйтесь к нашей команде