QIC Директорлар кеңесіне 2024-2033 жылдарға арналған даму стратегиясының тұжырымдамасы ұсынылды

19.09.2023

Қазақстандағы тікелей инвестициялар экожүйесін дамыту, Орталық Азия өңіріндегі баламалы активтер нарығын дамыту, сондай-ақ инвестициялар географиясын әртараптандыру. Бұл стратегиялық бағыттар Qazaqstan Investment Corporation (QIC) үшін алдағы он жылда негізгі бағыттарға айналуы мүмкін.

Қазақстандағы тікелей инвестициялар экожүйесін дамыту, Орталық Азия өңіріндегі баламалы активтер нарығын дамыту, сондай-ақ инвестициялар географиясын әртараптандыру. Бұл стратегиялық бағыттар Qazaqstan Investment Corporation (QIC) үшін алдағы он жылда негізгі бағыттарға айналуы мүмкін.

Даму стратегиясының тұжырымдамасы  стратегиялық сессия барысында тәуелсіз директорлар және жалғыз акционер «Бәйтерек» холдингі корпорациясы өкілдерінің қатысуымен корпорацияның Директорлар кеңесіне ұсынылды.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегінде К.К. Тоқаев экономиканың өсуін шектейтін негізгі проблема инвестициялардың жетіспеушілігі болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Президенті «Бәйтерек» холдингіне құрылымдық трансформация жүргізуді тапсырды.

Global Private Equity Report 2023 деректері бойынша, соңғы 19 жылда әлемдегі жеке капитал қорлары жинаған жалпы капитал 2003 жылы 106 миллиард доллардан 2022 жылы 1 332 миллиард долларға дейін өсті. Инвесторлар үшін ең танымал секторлар технология, медиа және телекоммуникация болды. Бұл ретте, инвесторлардың көпшілігі өңірлер мен салалар бөлінісінде өз портфелін әртараптандыруды жөн көреді.

Өз кезегінде, Қазақстан өңірде инвестициялар тартудың драйвері болып табылады. Орталық Азияға ТШИ таза ағыны 39%ға артып, 10 миллиард долларды құрады, оның 61%-ы Қазақстанға келді. Бұл ретте негізгі назар венчурлік капитал нарығын, стрестік активтерді және инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға шоғырланды.

 «QIC ұлттық көміртегі бейтараптығы бағдарламасын жүзеге асыруда белсенді. Корпорация «жасыл инвестициялар» портфелін өсіруді жалғастырады. Бұдан басқа, QIC инвестициялық прогрестің барлық кезеңдерінде ESG тұрақты даму факторларын бағалауды енгізуге ниетті, бұл жауапты инвестициялар санын арттыруға және нәтижесінде шетелдік инвесторлардың көбірек санын тартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті QIC Басқарма төрайымының орынбасары Мөлдір Жақанова.

Геосаяси жағдайды, сондай-ақ баламалы активтер сыныптарының жаһандық нарығының өсіп келе жатқан танымалдылығын ескере отырып, QIC трендтерді ұстанып, инвестициялаудың жаңа мүмкіндіктерін іздеуі керек, деп атап өтті QIC тәуелсіз директоры Николас Пейдж.

Анықтама ақпарат: «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында негізгі мұраты Қазақстанда private equity инфрақұрылымын дамыту болып табылатын, 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ru сайтынан табуға болады.

Присоединяйтесь к нашей команде