• QIC
  • / Жаңалықтар мен инсайттар
  • / QIC China Huadian Overseas Investment Ltd компаниясымен энергетика саласында инвестициялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойды

QIC China Huadian Overseas Investment Ltd компаниясымен энергетика саласында инвестициялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойды

18.10.2023

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC) «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы China Huadian Overseas Investment Ltd компаниясымен энергетика саласында инвестициялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойды.

Құжатқа Қазақстан Республикасының Энергетика министрі (ҚР ЭМ) А. Сәтқалиев, QIC Басқарма төрайымы А. Қуатова, сондай-ақ China Huadian Overseas Investment Директорлар кеңесінің төрағасы Цю Тяньгэнь қол қойды.

Келісім Мемлекет басшысының 2023 жылғы 01 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде қойылған міндеттерді шешуге бағытталған. Олардың ішінде жаңа қуаттарды (оның ішінде жаңартылатын энергия көздері станцияларын) енгізу арқылы елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдік капитал үшін, оның ішінде энергетика саласындағы инвестициялық тартымдылығын арттыру.

Осы мақсаттарды орындау үшін тараптардың ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының аумағында жаңартылатын энергия көздері мен маневрлік қуаттар секторындағы инвестициялық жобаларды кезең-кезеңімен іске асыруға шоғырланады.

Келісім шарттарын орындау шеңберінде мамандандырылған жұмыс тобын құру жоспарлануда, оның мүшелері ақпарат алмасады және жобалардың тізбесін айқындайды, оларға талдау жүргізеді, сондай-ақ қажетті құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді.

Жобаларды іске асыру шеңберінде қазақстандық мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін бірлескен семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру жоспарлануда. 

Присоединяйтесь к нашей команде