Қазына Капитал Менеджмент ұжымы 10 жылдық мерейтойын «10 Қайырымды іс» қоғамдық акциясы негізінде атап өтпек

07.12.2017
Қазына Капитал Менеджмент қызметкерлері компанияның 10 жылдығына орай «10 қайырымды іс» Акциясын жүзеге асыру мақсатында қаражат жинап, қоғамның осал топтарына жәрдем беруді жөн көрді Акция төңірегінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылары, түрлі медициналық орталықтар мен балалар үйіне көмек көрсетіледі. Компания ұжымы бұл бастаманы халықтың әлеуметтік, қайырымдылық жауапкершілігін арттырып, еріктілер қызметін көбейу арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуді мақсат еткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қосқан өзіндік үлесі деп біледі. Игі іс корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі жоғары Қазына Капитал Менеджменттен де қолдау тапты. «1О қайырымды іс» бір реттік Акциясы Қазына Капитал Менеджмент қызметкерлерінің ұсынысынан басталды. Компанияның өзі де бұл Акцияны қолдауға дайын екенін білдірді. Қазір 10 әлеуметтік жобаны қолға алған еріктілер тобы жұмысты бастап кетті. Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) үлгісінде, әлеуметтік Акция ККМ және компания қызметкерлерімен бірлесе қаржыландырылады. Бұл басқа отандық компанияларға да үлгі болады деп ойлаймыз. ККМ үшін мұндай бастама ұжымдық рухты қалыптастырып, қызметкерлер арасында әлеуметтік жауапкершілікті арттыратыны сөзсіз», - дейді «Қазына Капитал Менеджмент »АҚ басқарушы директоры Бауыржан Ережепов Басқарушы директордың айтуынша, Акция барысында ауылдық кітапханаларға компьютерлер, Ақмола облысы төңірегіндегі қарттар үйіне техникалық жабдықтар, ата-анасының қарауынсыз қалған балалар интернатына спорттық жабдықтар алынады. Сондай-ақ, Аружан Саин қорына көмек көрсетіліп, Назарбаев Университетіндегі мүгедектерге арналған арбаларды жаңашаландырумен айналысып жатқан стартапқа қолдау көрсетіледі. Акция 2017 жылдың соңына дейін жалғасады.

Присоединяйтесь к нашей команде