- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі-Қоғамның тәуелсіз директоры Николас Пейдждің қатысуымен ақпараттық – сессия өткізді
"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі-Қоғамның тәуелсіз директоры Николас Пейдждің қатысуымен ақпараттық – сессия өткізді
25.04.2022
2022 жылғы 21 сәуірде Қазына Капитал Менеджмент және Бәйтерек Холдингі қызметкерлерінің тұрақты даму практикасын қолдану саласындағы құзыреттерін дамыту, сондай-ақ тиімді ішкі коммуникацияларды жолға қою мақсатында ҚКМ Баспасөз қызметі Директорлар кеңесінің мүшесі-Қоғамның тәуелсіз директоры Николас Пейдждің қатысуымен ақпараттық – сессия ұйымдастырып, өткізді.
Николас Пейдждің халықаралық корпоративтік қаржы және бизнес пен капиталды ірілендірудің экономикалық процестері саласында 30 жылдық кәсіби тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта Пейдж мырза Ұлыбританияда орналасқан Arabesque холдингінің қаржы директоры. Arabesque Holding-негізгі қызметі активтер мен деректерді басқаруда тұрақты даму және жасанды интеллект тәжірибелерін енгізумен байланысты компаниялардың жаһандық тобы.
Кездесу бейресми жағдайда өтті, онда Пейдж мырза ESG стандарттарын енгізу рөлі және олардың компанияның ұзақ мерзімді қаржылық жетістіктеріне тигізетін әсері туралы ғана емес, сонымен қатар жеке және мансап сатысына көтерілу құпияларымен бөлісті.
Присоединяйтесь к нашей команде