- QIC
- / Біз туралы
- / Біздің команда
- / Басқарушы орган
Мақсат Іскәндіров
Тәуекел бойынша басқарушы директор
Басқарма мүшесі
Тәуекелдерді басқару саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар.
2010 жылдан бастап «Қазақстан Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Қазақстан Халық банкі» АҚ сияқты компанияларда корпоративтік және банк секторларында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
Мақсат Іскәндіров
1989 жылы 4 мамырда дүниеге келген.
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-ға ауысқанға дейін 2017-2022 жылдар аралығында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да жұмыс істеді, кредиттік тәуекелдер басқармасының басшысы, содан кейін кредиттік тәуекелдер департаментінің директоры қызметін атқарды.
2010 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірді.
2012 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистратурасын (Алматы қаласы) «Экономика және басқару» мамандығы бойынша бітірді. Сондай-ақ CFA II деңгей кандидаты болып табылады.
Қазіргі уақытта қоса атқаратын жұмысы жоқ.
Басқа ұйымдардың Директорлар кеңесінде мүше емес.
Үлестес ұйымдардың тиесілі акцияларының үлесі жоқ.
Азаматтығы – Қазақстан Республикасы.