- QIC
- / Біз туралы
- / Біздің команда
- / Басқарушы орган
Ерболат Жолат
Басқарма төрағасы
Директорлар кеңесінің мүшесі
Жалғыз Акционердің шешімімен 2023 жылғы 4 желтоқсандан бастап «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма Төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Ерболат Жолат
1981 жылы 30 шілдеде дүниеге келген.
Жеке және квазимемлекеттік секторларда қаржы саласында үлкен жұмыс өтілі бар.
Әр уақытта корпоративтік секторда «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы" АҚ, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ сияқты компаниялар топтарында әртүрлі лауазымдарды, соның ішінде басшылық қызметтерді атқарды.
2020 жылдан бастап «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-да («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Басқарушы директор лауазымында, содан кейін 2023 жылы Басқарма Төрағасы болып тағайындалғанға дейін Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2021 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде «QazTech Ventures» және «Kazakhstan Project Preparation Fund» акционерлік қоғамдарының Директорлар кеңесінің мүшесі, содан кейін 2022 жылы «Kazakhstan Project Preparation Fund» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің Төрағасы болды.
Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің (аккредиттеудің «үштік тәжі» бар әлемдегі ең үздік бизнес-мектептердің 1% кіреді) Жоғары менеджмент мектебінің Executive MBA бағдарламасын бітіріп, Master of Business Administration (іскерлік әкімшілендіру шебері) біліктілігін алды, сондай-ақ заңгерлік білімі және экономика және бизнес бакалавры біліктілігі бар.
Қазіргі уақытта қосымша жұмысы жоқ.
Басқа ұйымдардың Директорлар кеңесінде жоқ.
Үлестес ұйымдардың тиесілі акцияларының үлесі жоқ.
Азаматтығы – Қазақстан Республикасы.